2014 жылы Атырауда 38 көппәтерлі тұрғын үй салынбақ
АТЫРАУ. 17 желтоқсан. ҚазАқпарат - Атырауда 2014 жылы 38 көппәтерлі тұрғын үй салынбақ.
Қала әкімі Серік Айдарбеков БАҚ-қа арналған брифингте хабарлағандай, 2014 жылы «Қол жетімді баспана - 2020» бағдарламасы бойынша Атырауда жалпы ауданы 59,7 мың шаршы метр болатын 900 пәтерлік 19 үй салынбақ. Несиеге берілетін тұрғын үй салу бағдарламасы бойынша жалпы ауданы 27,9 мың шаршы метр болатын 390 пәтерлі 8 үй, жас отбасылар үшін ауданы 6,5 мың шаршы метр болатын 120 пәтерлі екі үй салынбақ. Кезекте тұрғандар жалпы ауданы 25,3 мың шаршы метр болатын 390 пәтерлі 9 үйге орналаса алады.