2014 жылы еңбектің зиянды және қауіптілігіне орай жұмысшыларға 96 млрд. теңге өтемақы төленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылы еңбектің зиянды және қауіптілігіне орай жұмысшыларға өтемақы ретінде жұмыс берушілер 96 млрд. теңге төледі.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитеті мен «Нұр Отан» партиясы Фракциясының жанындағы Өңірлік саясат және мәслихаттармен жұмыс жөніндегі кеңесінің кеңейтілген біріккен отырысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Дәулет Арғандықов мәлім етті.

«Статистика бойынша өкілетті органның мәліметі бойынша еңбек жағдайы бойынша 2014 жылы зерттелген кәсіпорындардағы 1,8 млн. жұмысшының арасында 391 мыңы немесе әрбір бесіншісі еңбек жағдайының зиянды және қауіпті бағыттарында жұмыс істеді. Шуылдың және тербелістің жоғары деңгейі жағдайында жұмысшылардың 41 пайызы немесе 160 мыңы еңбек етсе, жұмыс аймағының газдылығы мен шаң-тозаңның әсерінде 34 пайызы (121,1 мың адам), сондай-ақ қолайсыз температуралық режімде 17 пайызы (68,7 мың адам) еңбек етті», - деді Д. Арғандықов.

Оның сөзіне қарағанда, жұмысшылардың еңбек жағдайындағы қолайсыз ахуалдың салдарынан елеулі экономикалық шығыстар орын алады. 2014 жылдың қорытындысы бойынша 700 мыңнан астам жұмысшы өтемақы алды. Өткен жылы осы мақсаттарға жұмыс берушілер 96 млрд. теңгеге жуық қаржыны бағытып, бұл көрсеткіш 2013 жылға қарағанда 11 пайызға артық.

Соңғы жаңалықтар