2014 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 22,3 пайызға артық - Ақмола облысы
Статистика департаменті келтірген мәліметтерге қарағанда бұл көрсеткіш өткен жылдың денгейінен 22,3 пайызға артық. Инвестициялардың республикалық көлеміндегі Ақмола облысының үлесі 2,8 пайызды құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың едәуір бөлігін кәсіпорындардың меншікті қаражаты (51 пайыз) және бюджеттік қаражаты (30,5 пайыз) алады. Есепті кезеңде инвестициялардың жалпы көлемінде банктердің несиелерінің үлесі 7,8 пайыз, басқа да қарыз қаражаты - 10,7 пайыз болды.
Технологиялық құрылымы бойынша ғимараттар мен оларды салу және күрделі жөндеу жұмыстары 54,3 пайызды құрады, негізгі капиталға салынған инвестициялардың машиналар, жабдықтар және құрал-саймандарына - 40,8 пайыз, өзге де шығындарға - 4,9 пайыздан келеді.
Инвестициялардың ең үлкен көлемі өңдеу өнеркәсібіне (үлесі инвестициялардың жалпы көлемінде 20,4 пайызды құрады), электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауға (16,1 пайыз), көлік және қоймалауға (15,1 пайыз) бағытталды.
2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2013 жылмен салыстырғанда негізгі капиталға салынған инвестициялар электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда (96,1 пайызға), көлік және қоймалауда (77,6 пайызға), мемлекеттік басқару және қорғанысында; міндетті әлеуметтік қамтамасыз етуде (77,3 пайызға) көбейді.
Есепті кезеңде облыс бойынша негізгі капиталға салынған ішкі инвестициялар 172458,3 миллион теңгені, сыртқы - 8683,3 миллион теңгені құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көбеюі 2013 жылмен салыстырғанда облыстың он екі аудандарында және Көкшетау қаласында тіркелді. Елеулі өсуі Ерейментау (2 есе), Егіндікөл (97,4 пайызға) және Еңбекшілдер (74,6 пайызға) аудандарында байқалды.