2015 жылдың бірінші жартыжылдығында әскери соттар 171 тұлғаны соттады - ҚР Әскери соты

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 бірінші жартыжылдығында әскери соттар 171 тұлғаны соттады. Бұл туралы бүгін ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында ҚР Әскери сотының төрағасы Сәкен Абдуллаев мәлім етті.
None
None

«Ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстан Республикасының әскери соттарымен 171 тұлға сотталды. Соның ішінде нақты бас бостандығынан айырылғандар саны 36 тұлғаны құрайды. Бұл ретте жазалау практикасының үлесі 21 пайызды құрайды», - деді басқосуда сот төрағасы Сәкен Абдуллаев.

Оның айтуынша, өткен кезеңде апелляциялық инстанциямен сот үкімдерінің күшін жою орын алған жоқ, ал алты іс бойынша алты тұлғаға үкім өзгертілген. Ал кассациялық инстанциямен бір үкім өзгертілсе, бірінші инстанцияның қараған он бір ісі бойынша үкімдер өзгертілді.

Соңғы жаңалықтар