2015 жылға дейін Қарағанды облысында 550 млрд. теңгеден астам сомаға 160 жоба жүзеге асырылады

ТЕМІРТАУ. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында 2015 жылға дейін 550 млрд. теңгеден астам сомаға 160 жоба іске асырылады.
None
None

Бұл туралы Теміртауда моноқалаларды дамыту мәселелері бойынша өткен республикалық семинар-кеңесте аймақ басшысы Әбілғазы Құсайынов мәлім етті.

«Президенттің тапсырмаларына сәйкес облыс экономикасының өсу резервтерін анықтау мақсатында оның дамуының талдауы жасалды. Талдау қорытындысы бойынша даму басымдықтарын есептегенде 2015 жылға дейін 6 негізгі бағыт анықталды: көмір және газды өндіру мөлшерлерін көбейту, тау-кен және металлургиялық өнеркәсіпті дамыту, ауылшарушалық өнімдерінің және электр қуатының өндірісін көбейту, көліктік сала және туристік бизнесті дамыту», - деді Ә.Құсайынов.

«Бұдан басқа, аймақ экономикасының өсіміне үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жобаларының, «Бизнестің дол картасы-2020», «Сары Арқа» арнайы экономикалық аймағы, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік бірлестікпен жүзеге асырылып отырған жобалардың іске асырылуы септігін тигізуде»,- деп атап өтті әкім.

Оның айтуынша, жалпы алғанда 551 млрд. теңгеге 160-тан астам жобаны іске асыру, сол арқылы 14 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда. «Барлық шаралар облысымыздың 2015 жылға дейінгі даму бағдарламасында көрсетілетін болады, ал оларды іске асыру өңірдің барлық аудандарын динамикалық дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп қорытындылады әкім.

Соңғы жаңалықтар