2015 жылға қарай педагогикалық корпустың жалақысын жеке сектордағы еңбекақының деңгейіне жеткізу керек - Б. Жұмағұлов

АНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2015 жылға қарай педагогикалық корпустың жалақысын жеке сектордағы еңбекақының деңгейіне жеткізу керек. Бүгін Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің қатысуымен өткен Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Бақытжан Жұмағұлов осылай айтты.
None
None

Министрдің сөзіне қарағанда, алға қойылып отырған мақсаттардың бірі - педагогтың мәртебесін арттыруға негізделіп отыр. Осы орайда оқытушының беделін көтеру бойынша имидждік жұмыстарды жүргізу қажет. «Сондықтан мұғалімнің оң бейнесін қалыптастыруға күрделі бетбұрыс жасап, үздік педагогтардың жетістіктерін насихаттап, олардың тәжірибесін кеңінен тарату керек»,- дейді ведомство басшысы.

Оның пайымдауынша, осындай шаралар атқарылса, оқытушы мамандығы жастар арасында тартымды болмақ. «Бұндай жұмыстар министрліктің имидждік саясатының негізгі тұжырымдамасы болады»,-деді Б. Жұмағұлов.

Соңғы жаңалықтар