2015 жылғы Чайковский атындағы ХV Халықаралық конкурстың өтетін мерзімі белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Премьер-министрі Дмитрий Медведев Чайковский атындағы ХV Халықаралық конкурсты өткізу туралы өкім етті. Ол 2015 жылдың 15 маусымы мен 3 шілдесі аралығында Мәскеу және Санкт-Петербор қалаларында өтеді.
None
None

Конкурсқа әзірлік жұмыстарына 2015 жылы 300 млн. рубль қарастырылған. Оны Ресей Мәдениет министрлігі өткізеді. Айта кетейік, П.И.Чайковский атындағы Халықаралық конкурс 1958 жылдан бері өткізіліп келеді. Академиялық музыканттардың бірінші конкурсы фортепиано және скрипка бойынша өтсе, 1962 жылғы екінші байқаудан бастап виолончель, ал 1966 жылдан - вокал енгізілді. 2015 жылы ұлы орыс композиторы, дирижеры, педагогы, музыкалық қоғамдық қайраткері және музыкалық журналист П.И.Чайковскийдің туғанына 175 жыл толады, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Соңғы жаңалықтар