2015 жылғы наурызда Қазақстан Республикасында инфляция 0,1% құрады

Мәліметтерге қарағанда, баға азық-түлік тауарларына өткен айда 0,2 пайыз, ақылы қызметтерге - 0,1 пайызға өсті. Азық-түлік емес тауарларының баға индексі 100 пайызды құрады. Өткен айда баға жаңа жиналған көкөністерге 2,5 пайызды, жаңа жиналған жемістерге - 1,6 пайыз, зәйтүн майына - 1,5 пайызға, жеңсік емес тағам балық консервілеріне, шайға - 1 пайыздан, балқытылған ірімшікке - 0,9 пайыз, шұжық, ет өнімдеріне - 0,7 пайызға, кондитер өнімдеріне, алкогольді ішімдіктерге - 0,6 пайыздан, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдеріне - 0,5 пайызға, жоғары сортты бидай ұнына, сүзбеге - 0,4 пайыздан өсуі белгіленді.
Сонымен қоса, бағаның төмендеуі қантқа 2,5 пайыз, құс етіне - 2,2 пайыз, жұмыртқаға - 2,1 пайыз, күнбағыс майына - 1,6 пайыз, күрішке - 1,1 пайызға, қарақұмық жармаға, айранға, картопқа - 0,9 пайыздан, мәйекті ірімшікке - 0,8 пайыз, шикі сүтке - 0,7 пайызға тіркелді. Баға өсімі фармацевтикалық өнімдерге 0,9 пайызға, жуғыш және тазалағыш құралдарға, газеттер және мерзімдік басылымдарға - 0,6 пайыздан, киім және аяқкиімге, жеке пайдалануға арналған тауарларға - 0,5 пайыздан құрады. Баға бензинге 1,6 пайыз, дизель отынына - 1,7 пайыз, сұйытылған газға - 11,4 пайызға төмендеді.
Бұдан бөлек, баға деңгейі монша қызметтеріне 1,3 пайыз, мейрамханалар мен қонақ үйлерге - 1,2 пайыз, денсаулық сақтауға - 0,6 пайызға, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласына, мектепке дейінгі білім беруге - 0,4 пайыздан өсті. Алыс қашықтыққа қатынайтын жолаушылардың темір жол көлігіне жол жүру ақысы 2,9 пайызға арзандады, әуе көлігі - 5,1 пайызға қымбаттады. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер тұрғын үйді күтіп ұстауға 0,3 пайыз, электр энергиясына - 0,2 пайызға өсті, ал тарату желілері бойынша тасымалданатын газға - 2,9 пайызға төмендеді.