2015 жылы Қытайда 27 су қоймасы салынады

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытай үкіметі 2015 жылы 27 су қоймасын салуды көздеп отыр, оның жартысы елдің батыс аймағында болады. Бұл туралы баспасөз мәслихатында ҚХР су шаруашылығы министрінің орынбасары Цзяо Юн хабарлады.
None
None

«Басты су шаруашылығы нысандарына бағытталатын инвестиция ұлғаятын болады. Өткен жылы бұл көрсеткіш 488 млрд. юаньды (ҚазАқпарат түсініктемесі - 79,74 млрд. долларды) құрады», - деді ол. Оның сөзіне қарағанда, су қоймаларының құрылыс жобалары Қытайдың экономикалық дамуына септеседі. Бұл жұмыс ҚХР 172 су шаруашылығы жобаларын жүзеге асыру бойынша жоспарының бір бөлігі. 2014 жылы 17 нысан қолданысқа берілді, оның 10 - елдің батыс аумағында. Қытайлық шенеунік атап өткендей, кенттену үрдісі аясында бірқатар шағын және орта резервуарлар уездер мен шағын қалаларда салынады. Еске сала кетейік, 5 наурызда өткен 12-ші шақырылымдағы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиынының 3-ші сессиясының ашылуында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцян 2014 жылы ірі гидротехникалық құрылымдардың құрылысы белсенді бола түскенін атап өтті. Биыл 60 млн. ауыл тұрғынын ауыз сумен қамту жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар