11:13, 23 Ақпан 2016 | GMT +5
2015 жылы ОҚО-да Жалпы өңірлік өнім бойынша болжамды 2 пайыздық өсімді құрайды - Б. Атамқұлов
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы ОҚО-да Жалпы өңірлік өнім бойынша болжамды 2 пайыздық өсімді құрайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті.

«2015 жылдың қорытындысы бойынша біздің облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң өзгеріс бар. Жалпы өңірлік өнім бойынша 2015 жылы болжамды 2 пайыздық өсімді құрайды. Облыста өткен жылы 668 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді», - деді әкім.
Оның сөзіне қарағанда, өңірде «Индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасының басталғалы құны 228,5 млрд. теңгені құрайтын 164 жоба іске қосылып, 14 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Іске қосылған жобалардың 94 пайызы жоспарланған қуаттылықтың 90-100 пайызына жетті. Бұл көрсеткіш бойынша облыс республикада алдыңғы қатарда.