2015 жылы Петропавл балабақшаларында 1500 жаңа орын ашылады

«Жұмысшылар ауылында 320 орындық балабақша құрылысын «СевКазЭнерго» АҚ жүргізіп жатыр. Құрылыс жұмыстарына отандық өнімдер де қолданылып жатыр», - делінген әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінде.
«СевКазЭнерго» АҚ директоры Леонид Ларичевтің айтуынша, балабақша құрылысы жоспарлағандай биылғы желтоқсанда аяқталады. Облыс басшысы оған осыған дейін атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, нысанды 15 желтоқсанға дейін тапсыру жөнінде тапсырма берді.
Алматы көшесінде 280 орындық балабақша салынатын алаң қоршалып, құрылыс материалдары әкелініп жатыр. Бұл нысанды 2015 жылдың қараша айында тапсыру жоспарланған. Ерік Хамзинович құрылыс жұмыстарын уақтылы аяқтау үшін жұмысты жеделдету керектігін ескертті.
Ал, қаланың Рижский көшесінде бой көтерген 200 орындық балабақшаның екінші қабаты салынып жатыр. «Петрострой-Люкс» ЖШС директоры орынбасары Артем Кошиковтың сөзінше, бұл жерде құбыр тарту, жертөле және бірінші қабат жұмыстары аяқталып қалған.
Жалпы, 2015 жылы қалада жаңа салынған және қайта жөнделген балабақшалар есебінен жаңа 1500 орын ашылмақ.