2015 жылы сәуірде «Жас Отан» жастар қанатының ІІІ съезі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәуірде «Жас Отан» жастар қанатының ІІІ съезі өтеді. Бұл туралы бүгін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Нұрлан Сыдықов мәлім етті.
None
None

«Жас Отан» жастар қанаты 9-10 сәуір күндері еліміздің барлық жастарының басын қосып, үлкен алаң ұйымдастырып отыр. Ол біздің кезектен тыс ІІІ съезіміз», - деді ол.

Н.Сыдықовтың атап өтуінше, съезд жұмысына еліміздің барлық өңірінен екі мың адам қатысатын болады. Олардың қатарында «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері, жастар ұйымдарының мүшелері, шығармашыл жастар, жас ғалымдар, спортшылар, мәслихат депутаттары, жұмысшылар мен ауыл жастары бар.

Соңғы жаңалықтар