Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

2016-2017 оқу жылында Павлодар облысына Семей қаласынан 19 жас маман келеді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысына жаңа оқу жылында Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінен 19 жас маман келуді жоспарлауда.

2016-2017 оқу жылында Павлодар облысына Семей қаласынан 19 жас маман келеді

Бұл туралы облыстық білім беру басқармасы кадрлармен жұмысты ұйымдастыру және құжаттармен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Гүлсім Рамазанова мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

- Бүгінгі таңда Семей қаласынан біздің өңірге математика пәні бойынша алты маман келуді жоспарлап отыр. Жалпы, бос орындар жәрмеңкесінде шет тілдері, биология, физика, бастауыш сынып және психолог мамандықтары бойынша білім алған семейлік жастар өздігінен Павлодар облысында еңбек етуге өтініш білдірді, - деді Г.Рамазанова. Басқарма ұсынған ақпаратқа сүйенсек, соңғы үш жыл ішінде өңір мектептеріне жұмыс істеуге бір жарым мыңнан аса жас маман жіберілген. Оның ішінде Павлодар және Качир аудандарына баруға ниет білдіргендердің саны басым. Ауылдық жерге жұмыс жасауға келген мамандарға мемлекет тарапынан кепілдендірілген әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылған. Нақтырақ айтсақ, тұрғын үймен қамтамасыз ету (жалға беру, қызметтік, бірге орналастыру), баспана сатып алуға 1500 АЕК (3181,5 мың теңгеге дейін) бюджеттік несие, 70 АЕК көлемінде (148470 теңге) көтермеақы ұсынылады.
Айта кетерлігі, 2009-2015 жылдар аралығында «Дипломмен-ауылға!» бағдарламасы аясында облыс мектептеріне барлығы 2 770 жас маман келген.