2016-2017 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы жоспарға қосымша 1,994 триллион теңге бөлінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016-2017 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы жоспарға Қазақстан Үкіметіне қосымша 1,994 триллион теңге бөлінді.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің отырысынан кейін журналистерге ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

«Үкімет әрбір кәсіпорынға жеке-жеке көмек көрсетуден бас тартты. Біз жүйелі көмек пен қолдау жасаудың жаңа жүйесіне көштік. ДСҰ-ға енгеннен кейін, біз ауыл шаруашылығында да жалпыжүйелік қолдауға ауыстық. Өсімдік өсіру шаруашылығында біз биыл, мал шаруашылығында 2017 жылдың 1 қаңтарында көшеміз», - деп атап өтті министр.

Е.Досаевтің хабарлауынша, жүйелік қолдау ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту, ғылымды дамыту, инновацияларды енгізу бағытында көрініс таппақ.

Министрдің айтуынша, сонымен қатар «Нұрлы жол» қаражаттарымен қоса, 2016-2017 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы жоспарға Қазақстан Үкіметіне қосымша 1,994 триллион теңге бөлінді.

Соңғы жаңалықтар