2016 жылдан бастап мүгедектік бойынша жәрдемақы көлемі артады

Сонымен қатар ақпараттық жүйелер арқылы бір өтінім бойынша мүгедектер үшін бірнеше мемлекеттік қызметтердің нәтижелерін алу мүмкін болады.
Бұның алдында хабарлағанымыздай, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі халыққа әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін ары қарай реформалау аясында 2025 жылға дейін арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің біріктірілген моделін енгізуді жоспарлап отыр.
Жаңа модель аясында мұқтаж адамдар мен олардың отбасыларына жеке және кешенді қамқоршылық ұстанамы жүзеге асырылады. Ол үшін білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау жүйелерінің, сондай-ақ басқа да салалардың әлеуметтік жұмысшыларының қызметін үйлестіру тетігі жасалмақ. Бұл өз кезегінде «бір терезе» арқылы мұқтаж адамдарға әлеуметтік қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде сауықтырудың техникалық тәсілдері тізбесін өзектендіру үшін ұсыныстарды жасау тұрғысында тиісті шаралар атқарылуда.