2016 жылдың сәуірінен «Самұрық-Қазына» жаңа ұйымдастырушылық құрылымға көшеді

Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі отырысы барысында аталған қордың басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.
«Біз 8 желтоқсанда қордың жаңа құрылымын таныстырмақпыз және оны толықтыра бастайтын боламыз. Онда әрбір лауазымға, оның ішінде әсіресе негізгі басшылық лауазымдарға талаптар қарастырылған», - деді ол.
Ө.Шөкеевтің атап өтуінше, қазіргі уақытта аталған талаптарға сәйкес қор қызметкерлерін бағалау шаралары жүргізілуде.
«Бұл жұмыстар 2016 жылдың 1 сәуірінде аяқталатын болады және қор жаңа ұйымдастырушылық құрылымға көшеді», - деді қор басшысы.
Сонымен қатар ол 2016 жылдың екінші тоқсанында қордың корпоративтік орталықтары үлгісінде еншілес компаниялардың корпоративтік орталықтарын қайта қалыптастыру процесін аяқтау жоспарланып отырғандығын ескертіп өтті.