2016 жылғы 1 қаңтардан бастап фильтрлі сигареттің бір қорабы кемінде 240 теңге тұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда сигареттердің бір қорабының бағасы 240 теңгеге жетеді.
None
None

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2015 жылғы 12 қазан, Астана, Үкімет Үйі, №822

«Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі №260 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 260 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 10, 116-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Фильтрлі 20 (жиырма) сигаретке: 1) 2015 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін - екі жүз жиырма теңге мөлшерінде; 2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап екі жүз қырық теңге мөлшерінде ең төмен бөлшек баға белгіленсін.». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

Соңғы жаңалықтар