2016 жылғы бюджет түсімі 6 трлн. 595,4 млрд. теңге көлемінде айқындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылғы бюджет түсімі 6 трлн. 595,4 млрд. теңге көлемінде айқындалды. Сонымен қатар, бюджет түсімі 2017 жылы - 7 трлн. 130,3 млрд., 2018 жылы - 6 трлн. 904,7 млрд. теңге шамасында болжанған. Бұл туралы бүгін Мәжілісте «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында мәлім болды.
ҚР Қаржы министрлігінің үсынған мәліметтеріне қарғанда, алдағы үш жылға арналған бюджет жобасында Ұлттық қордан берілетін кепілдендірілген трансферт 2 трлн. 300 млрд. теңге шамасында айқындалған. Бұл Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасына белгіленген шектеулерге сәйкес келеді.
Бюджет жобасына сәйкес, бюджет шығыстары 2016 жылы 7 трлн. 318, 9 млрд. теңгені құрамақ. Бұл көрсеткіш 2017 жылы - 7 трлн. 311,1 мрлд., 2018 жылы 7 трлн. 457 млрд. теңгені құрайды.