2016 жылы Астананың жеке табысы 180 млрд. теңгеге жуық болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Келер жылы елорданың жеке табысы 180 млрд. теңгеге жуық болады. Бұл туралы әкімдіктің ресми сайтында хабарлады.
None
None

Мемлекеттік қаржы құрылысқа, жол мен әлеуметтік маңызы бар нысандарды ұстауға, әлеуметтік көмекті қамтамасыз етуге, сондай-ақ смарт-жобаларды енгізуге бөлінеді. Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Жүсіпова қалалық мәслихат депутаттарына 2016 жылға арналған мемлекеттік бюджетті үлестіру туралы айтып берді.

Осылайша, елордалық Сәулет және қала құрылысы басқармасына бес бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін қаржы бөлінбек. Жергілікті бюджет жобасына «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыруға, елордада инновациялық қызметті қамтамасыз етуге және дамытуға, сондай-ақ халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық және оны өткізуге жұмсалатын шығындар енгізілді. Бұдан бөлек, елордада Астана қаласының Серіктестік бағдарламасы қолға алынатын болады.

Сонымен қатар, 2016 жылдың бюджетінде аудандық әкімдіктер жүзеге асыратын он бюджеттік бағдарламаны қаржыландыруға арналған қаржы ескерілген. Ол мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалады. Сондай-ақ, елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға арналған шығындар да қарастырылған.

Бюджеттік қаржының бір бөлігі мемлекеттік органдарды ұстауға және күрделі жөндеуге, қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын қамтамасыз етуге жұмсалады. Алдағы жылы №82 «Жұлдыз», №12 «Қарлығаш», №5 «Ақбота», №11 «Гауһар» және №14 «Ақбөпе» балабақшаларын жөндеу көзделген.

Соңғы жаңалықтар