2016 жылы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасына жаңа төраға келеді

«Жұма күні Бурабайда Мемлекет басшыларының деңгейінде өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске дайындық мәселесін талқыладық. Біз Жоғары кеңестің күнтәртібін талқыладық, яғни онда 15 мәселе қамтылған, екеуі негізгі болып болады. Дәл осы екі мәселеге қатысты шағын құрамдағы кездесуде ұзақ талқылаулар жүргіздік. Оның біріншісі алқа мүшелерінің (Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасы) санына қатысты болды. Бүгінде әр елден үш мүшеден қамтылған. Жалпы он бес мүше бар. Қазіргі кезде үшеу, екеу немесе басқа формат талқылануда», - деді Б. Сағынтаев.
Осы орайда ол талқылаулардан кейін бұл мәселе мемлекет басшыларының деңгейіне шығарылатындығын, президенттер қабылдаған шешімге сәйкес бұл формат айқындалатынын жеткізді.
Сонымен қатар Үкімет басшысының бірінші орынбасары келесі негізгі мәселе алқаға төрағалық ететін елге қатысты болғанын атап өтті.
«Бірінші мерзім Ресейдің төрағалығымен өтті. Виктор Христенко (Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы) төрт жыл қызмет атқарды және қазіргі кезде мерзім аяқталуда, сондай-ақ алқадағы барлық мүшелердің де мерзімі тәмамдалуда. Жаңа жылдан бастап бізде жаңа адамдар, жаңа төраға келеді. Атап айтқанда, бұл мәселе де мемлекет басшыларының деңгейінде талқыланып, олар тиісті шешімді қабылдайды»,-деді Б. Сағынтаев.