2016 жылы Қарағанды облысында 101 млрд. теңгенің 10 жобасын іске қосу көзделген - Н. Әбдібеков

«2010 жылдан бастап, Индустрияландыру картасына енгізілген 94 жобаның ішінен, жалпы құны 141,9 млрд. теңге болатын 68 индустриялық жоба жүзеге асырылды. Кәсіпорындарда 5 мыңнан аса жаңа жұмыс орындары құрылды. 2015 жылы сомасы 18,9 млрд. теңгені құрайтын 10 жоба жүзеге асырылып, 649 жұмыс орны құрылды, - деді Н. Әбдібеков. - Индустрияландыру бағдарламасының екінші бес жылдығы аясында 6,5 мыңнан аса жұмыс орынын құрып, 1,2 триллион теңгеге 36 жобаны іске қосу жоспарланған. Оның ішінде, 800 жаңа жұмыс орындары құрылатын 101,1 млрд. теңгенің 10 жобасын 2016 жылы іске асыру жоспарланды».
Іске қосылған жобалардың арасында ол төмендегілерді ерекше атап өтті: «Евразия Инвест Ltd» ЖШС «Табиғи бие сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру», «Қарағанды фармацевтика кешені» ЖШС «Фармацевтика заводы үшінші кезегінің құрылысы».
«Индустрияландыру картасының жаңа өндірістері 2015 жылы сомасы 91,2 млрд. теңгені құрайтын өнеркәсіп өнімдерін шығарды. 2014 жылмен салыстырғанда өсім 18 млрд. теңгені құрады», - деп атап өтті облыс әкімі.
Есеп мәліметтеріне қарағанда, 2015 жылдың қорытындысы бойынша облыста өнеркәсіптік өндіріс көлемі 1,4 трлн. теңгені құрады. Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің өсімі - 10,4%.
«Казахмыс Корпорациясы» мол үлесін қосты, мұнда катод мысын өндіру өсімі 50%, тазартылған алтын 30% , күміс 83% құрады.Даму үдерісін сатап қалуға Үкімет пен әкімдік тарапынан көрсетілген қолдау ықпал етті» , - деді Н. Әбдібеков.