2016 жылы ОҚО-да 58 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - 2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында 58 мыңға жуық адам жұмыспен қамтамасыз етілді.

Өткен жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында 40,7 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланған еді. Іс жүзінде 57,8 мың оңтүстікқазақстандықты түрлі салаларда жұмысқа орналастыру орналастыру мүмкін болды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен. 31,1 мың адам өздігінен жұмыс істейтіндер, 26,8 мың адам жұмыссыз ретінде тіркелген, соның ішінде 4,3 мың адам аз қамтылған отбасылардан шыққаны атап өтіледі.

Әкімдікте бағдарламаның үш бағытта іске асырылғанын еске салады. Біріншісі - «Инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамтамасыз ету» бойынша 418 адам күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын өткізуге тартылды. Олар 29 нысанда жұмыс істеген. «Жұмыс орындарын кәсіпкерлікті дамыту және тірек ауылдарын дамыту арқылы құру» атты екінші бағыт бойынша аймақтың 872 тұрғыны орташа алғанда 2,3 млн. теңгеге несие алды. Бұл 1021 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Үшінші бағыт - «Жұмысқа орналасуға жұмыс берушінің қажеттіліктері аясында оқыту және қоныс аударту арқылы көмектесу» бойынша жұмысқа 41 391 адам жіберілді. Соның ішінде 178 адам кәсіби дайындықтан өтті. 1773 жас маман жастар тәжірибесінен өтіп, тұрақты жұмыс орындарын алды. Бұл бағыттың аясында 10 436 адам қоғамдық жұмысқа тартылғаны атап өтіледі.

Соңғы жаңалықтар