2016 жылы ЖІӨ өсімі 45 триллион 500 млрд. теңге шамасында болжанады - Е. Досаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы номиналды жалпы ішкі өнімнің өсімі 45 триллион 500 млрд. теңге шамасында болжанады. Бұл ағымдағы жылдың тамызында бекітілген мөлшерден 1 трлн. 525,3 млрд. теңгеге артық. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын талқылау барысында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев осылай мәлімдеді.

2016 жылы ЖІӨ өсімі 45 триллион 500 млрд. теңге шамасында болжанады  - Е. Досаев

Министрдің мәліметіне қарағанда, 2020 жылға қарай Қазақстанның ЖІӨ 63 трлн. 99,1 млрд. теңгеге болжанады. «Жан басына шаққандағы ЖІӨ келесі жылы 8 мың 600 долларға, ал 2020 жылға қарай 11,5 мың доллар дейін өсетіні болжанып отыр. 2016 жылы еліміздегі өнеркәсіп 1,4 пайызға өседі. Ал мұнай өндіру көлемі бұған дейін мақұлданған деңгейде сақталып, 2016 жылы 77 млн. тонна болса, 2020 жылға таман 92 млн. тоннаны құрайтын болады. 2016-2020 жылдары ауыл шаруашылығының жалпы орташа жылдық өсімі 2,8 пайыз өсім деңгейінде болады», - деді Е. Досаев.