2017 жылғы BMW, 3 бөлмелі пәтер: Қаржы вице-министрі меншігінде қандай мүлік бар екенін айтты

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Үкімет үйіндегі брифингіде иелігіндегі мүліктер туралы мәлімет берді, деп Kazinform.

Қаржы вице-министрі
Фото: primeminister.kz

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңының 11-бабы бойынша, саяси мемлекеттік қызметшілер 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап табыс декларациясын жариялау керек. Өзім туралы айтсам, негізгі декларацияда жеке меншігімдегі үш бөлмелі пәтерді, автокөлікті көрсеттім. Мәшинем «дөкей» емес. 2017 жылғы BMW көлігі. Үстімдегі костюмім Қазақстан өндірісінікі. Тіпті лейблін көрсете алам. Аяқ киімім де Қазақстандікі. Пәтерімнің ауданы – 74,5 шаршы метр», - деді вице-министр Үкімет үйінде өткен брифингі кезінде.

Дегенмен, ол иелігіндегі пәтердің құнын айтпады.

«Оның нарықтағы бағасын айта алмаймын. Мен декларацияда оның нөмірін, мекенжайын ғана көрсеттім. Ал құнын салықты есептейтін уәкілетті органдар бағалайды. Мен жыл сайын соның негізінде салық төлеймін», - деді Ержан Біржанов.

Соңғы жаңалықтар