2017 жылы әлемдегі туристер саны 1,3 млрд адамнан асқан

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы әлемдегі туристер саны 1,3 млрд адамнан асып кеткен, деп хабарлайды Анадолы (UNWTO) БҰҰ туристік ұйымына сілтеме жасап.
None
None

Есепке сәйкес, 2017 жылы әлемдегі туристердің саны 2016 жылмен салыстырғанда 6,7 пайызға көбейіп, 1,322 млрд адамға дейін өскен. Бұл - 2010 жылдан бергі рекордтық көрсеткіш.

Туристік ағынның максималды өсімі 8 пайыздық көрсеткішпен Еуропа және Африка елдеріне тиесілі болды. Азия-Тынық мұхит өңірлері - 6 пайыз, Таяу Шығыс - 5, және Америка елдері үш пайызды құрады. 

2017 жылы Еуропа құрлығына 671 млн турист барса, Азия-Тынық мұхит өңірлеріне - 324 млн, Америкаға - 207 млн, Африкаға - 62 млн және Таяу Шығысқа 58 млн турист барған.

Соңғы жаңалықтар