2017 жылы Алматыда Дүниежүзілік қысқы универсиаданы өткізу мәселесі талқылануда

trong>Қазанның 22-сі. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматы мен Астана қалаларында 2017 жылы Дүниежүзілік  қысқы универсиаданы өткізу мәселесі қарастырылуда. Бұл туралы бүгін баспасөз мәжілісінде Қазақ спорт және туризм Академиясының ректоры Қайрат Закирьянов мәлімдеді,

2017 жылы Алматыда Дүниежүзілік  қысқы универсиаданы өткізу мәселесі талқылануда

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақ спорт және туризм Академиясының ректоры Қайрат Закирьяновтың айтуынша, егер Қазақстан өз тарапынан   Дүниежүзілік  қысқы универсиаданы Алматыда немесе Астана қаласындаөткізу туралы өтініш білдірсе, Халықаралық Олимпиада комитеті және спорт университетінің Халықаралық Федерациясы қолдау көрсетеді.

Бұл мәселе жақында қазан айының 7-11-і күндері Қазақ спорт және туризм Академиясыда өткен «Заманауи Олимпиадалық спорт және спорт баршаға» атты  ХІІІ-ші Халықаралық ғылыми Конгресте айтылған болатын. Конгреске қатысқан дүниежүзінің 34 елінен келген өкілдер, Алматы және облыстағы тау шаңғысы базаларында, салынып жатқан 2011  жылғы  Қысқы  Азия  ойындары  құрылыстарымен  танысқан еді. Конгресс Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен   Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Жак Роггенің қолдауымен өткен болатын.