2017 жылы Бүкіләлемдік кітап астанасы атанатын ел анықталды
ЮНЕСКО бас директоры Ирина Бокова «кітап, білім алу, оқу - адам өмірінің негізгі бағыты болып табылатынын» атап өтті. Гвинея Республикасының кітаптарды насихаттауға, сауаттылықты арттыруға қосқан ауқымды үлесі мәдениет пен білімді даму мен қалпына келтірудің қозғаушы күші ретінде пайымдай білгенін көрсетеді. ЮНЕСКО мұны толықтай қолдайды.
Жыл сайын Халықаралық баспагерлер қауымдастығы, Халықаралық кітап саудасы федерациясы және Халықаралық кітапханалық қауымдастықтар мен мекемелер федерациясы - кітап индустриясының үш секторын қамтитын халықаралық ұйымдар жыл бойы кітап астанасы атанатын қаланы таңдайды. Ол жыл 23 сәуірден (Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күні) басталады. Мұнда кітап шығару, оларды алдағы 12 айда таратуға жәрдемдесу мақсатында кітап шығаратын өнеркәсіп өкілдері, баспагерлер мен жазушылардың басы біріктіріледі. Конакри 17-ші Бүкіләлемдік кітап астанасы атанды. Бұдан бұрын: Мадрид (2001 жыл), Александрия (2002 жыл), Нью-Дели (2003 жыл), Антверпен (2004 жыл), Монреаль (2005 жыл), Турин (2006 жыл), Богота (2007 жыл), Амстердам (2008 жыл), Бейрут (2009 жыл), Любляна (2010 жыл), Буэнос-Айрес (2011 жыл), Ереван (2012 жыл), Бангкок (2013 жыл), Порт-Харкорт (2014 жыл), Инчхон (2015 жыл), Вроцлав (2016 жыл) осы мәртебеге лайық деп танылған еді.