2017 жылы Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің кірісі мен шығысын міндетті декларациялау енгізіледі

«2017 жылы Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің кірісі мен шығысын ғана емес, сонымен қатар оларға теңестірілген квазимемлекеттік секторда қызмет істейтін басқарушылардың да кірісі мен шығыстарын міндетті декларациялау енгізіледі», - деді ол бүгін ҚР «Атамекен» ҰКП отырысында.
Оның сөзіне қарағанда, 2018 жылдан бастап, кіріс пен шығыс декларацияларының сәйкестілігі тексеріле бастайды.
«Осылайша, иелігіндегі жеке мүлкі, кірістері мен шығыстары, активтері арасындағы ақпараттарды салыстыра отырып, ашықтық қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге, 2020 жылдан бастап, баршаға бірдей декларациялау міндеті енгізіледі. Олардың қатарына «А» корпусы, мемлекеттік-саяси қызметкерлер, депутаттар, судьялар мен квазимемлекеттік секторда басқарушы функцияларды атқарушы қызметкерлер өздеріне қатысты ақпаратты декларацияларда жариялауы тиіс болады», - деді А.Шпекбаев.
Бұның алдында хабарланғандай, Қазақстанда декларацияны 2017 жылы - 2 млн адам, 2020 - 12 млн адам тапсыратын болады.