2018 жылдан бастап Ауруларды басқару бағдарламасы барлық облыстарда енгізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдан бастап Ауруларды басқару бағдарламасы барлық облыстарда енгізіледі. Бұл туралы бүгін Астанада Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі барысында мәлім болды.
None
None

«2013 жылдан бастап Ауруларды басқару бағдарламасы (АББ) екі қанатқақты тәртіпте Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының жеті емханасында үш нозология бойынша енгізілген. Яғни, бұл тұрғыда артериалдық гипертензия, созылмалы жүрек кемістігі және қант диабеті қамтылған. Тиімді тәжірибені ескере отырып, АББ-ны жүзеге асыру 2016 -2017 жылдар аралығында қосымша 5 аймақта, 2018 жылдан бастап Қазақстанның барлық облыстарында іске асырылатын болады», - дейді министрлік өкілдері.

Айта кетейік, Ауруларды басқару бағдарламасы «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Бұл бағыт аурулардың асқынуына жол бермеуге негізделген.

Соңғы жаңалықтар