2018 жылы 40 мыңдай еңбеккердің жұмысы заңдастырылды
«2018 жылы заңсыз еңбек қатынастары орын алып отырған экономика салалары бойынша (ауыл шаруашылық, сауда, қоғамдық тамақтану және тағы басқа) «Еңбек келісімшартын жасаңыз» акциясы өтті.
Республика бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 10 мыңға жуық жұмыс беруші жұмысшылармен еңбек қатынасын заңдастырды. Бұл орайда 37,9 мың еңбек келісім-шарты жасалды», - делінген хабарламада.
Қолға алынған шаралар республика кәсіпорындарда әлеуметтік тұрақтылықты қамтуға мүмкіндік берген.
«2019 жылы Қазақстанда өндірістік жарақаттануды төмендету үшін (жазатайым оқиғаның коэффиценті 1000 адамға санағанда 0,27% дейін) өндірісте жарақаттануды және зиянды жұмыс жағдайларын төмендету бойынша 2019-2021 жылдарға арналған Кешенді жол картасы қабылданатын болады. Бұл «Еңбекті қорғау жылы» аясында қолға алынып отырған шара», делінген хабарламада.
Министрліктің мәліметінше, еңбек жанжалдарын болдырмау үшін ҚР Үкіметі бекіткен Әлеуметтік-еңбек жанжалдары бойынша ескерту және рұқсат беру кешенді жоспарын жүзеге асыру барысында қосымша құралдары әзірленетін болады.
Олардың қатарында, ҚР Президентінің тапсырмасын орындауда ең төменгі жалақы алатын жұмысшылардың еңбекақысын көтеру жұмыстарын жүргізу,
Қазақстан заңдарының сақталуы бойынша еліміздегі барлық кәсіпорындарда профилактикалық бақылау жүргізу енгізу бар. Сонымен қатар, еңбек қатынастарын реттеу саласында, электронды еңбек келісімшарттарын қоса алғанда цифрландыру бойынша Жол картасы жүзеге асырылды.