2018 жылы Астанада Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасы өтеді

Оның хабарлауынша, Астанада өткен шахматтан әйелдер арасындағы Әлем чемпионаты аясында Халықаралық шахмат федерациясының президенті Кирсан Илюмжинов пен қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов кездескен болатын. «Кездесу кезінде шахматтан Әлем кубогын 2017 жылы, ал 2018 жылда Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасын өткізуге келісті. Бұл - аса жауапты іс. Сондықтан біз оған тап-тұйнақтай дайын болуымыз қажет. Шахматшы қыздарымыз да даяр болуы шарт», - дейді Ә.Мұқажанова.
Айта кетейік, Астанада өткен шахматтан әйелдер арасындағы Әлем чемпионатының ашылу рәсіміне қатысқан Халықаралық шахмат федерациясының президенті Кирсан Илюмжинов Астанада Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасын өткізуге қажетті жағдайдың бар екендігін жеткізген еді. «Астанада өтетін «EXPO-2017» Халықаралық көрмесі аясында тиісті инфрақұрылымның салынатындығын ескерсек, 2018 жылда бұл жерде Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасын ұйымдастыруға толық мүмкіндік бар», - деді К.Илюмжинов.