2018 жылы Беларусь елінде Қазақстан мәдени күндері өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылы Беларуста Қазақстан мәдени күндері өтеді, деп хабарлайды БЕЛТА.

2018 жылы Беларусь елінде Қазақстан мәдени күндері өтеді

Бұл туралы Беларусь Мәдениет министрлігі мәдениет және талдау жұмыстары бас басқармасының бастығы Василий Черник  «Қазақстан-Беларусь: дипломатиялық қарым-қатынастарының орнағанына 25 жыл. Қорытындылары, нақты нәтиже мен болашақ»  атты халықаралық конференциясында айтты.

«Мұндай іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі. 2014 жылы Астанада Беларусь мәдени күндері өтті. 2018 жылы Беларуста Қазақстан мәдени күндерін өткізу жоспарлануда», - деп атап өтті Василий Черник.

Беларусь пен Қазақстан арасындағы мәдени қарым-қатынас 1996 жылы 17 қаңтарда қабылданған мәдениет, білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге және мәдениет және өнер салаларындағы ынтымақтастық туралы ведомствоаралық келісімге сәйкес дамуда.