2018 жылы Қазақстан нарығын сапалы жанармаймен қамтамасыз етуге барымызды саламыз - Павлодар мұнай-xимия зауыты
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылы Қазақстан нарығын сапалы жанармаймен қамтамасыз етуге барымызды саламыз. Бұл туралы "ҚазАқпарат" тілшісіне берген сұxбатында Павлодар мұнай-xимия зауыты Даму басқармасы бөлім басшысының орынбасары Сергей Шипилов мәлім етті.
"Нұр Отан" партиясының кезектен тыс 17-ші сьезінде Елбасы бізге 2018 жылға дейін Қазақстан нарығын жоғары сапалы жанар-жағар маймен қамтамасыз етуді тапсырды. Біз бұл тапсырманы өз тарапымыздан орындауға тырысамыз. Елбасы жаһандық дағдарыс тұсында Қазақстанның нақты даму жолдарын, қатерден аз шығынмен шығудың бағдарламалық бағыттарын көрсетіп берді. Ол: "Нұрлы Жол" инфрақұрылымдық бағдарламасы, "100 нақты қадам" және партия сьезінде атаған 5 басты басымдық. Біздің Президентке, партия мүшелеріне үлкен алғыс айтқым келеді. Біз қарышты дамыған Қазақстан үшін барымызды саламыз", - деп атап өтті ол.
Оның сөзі бойынша, Павлодар мұнай өңдеу зауытының жұмысшылары ҚР Президентінің берген тапсырмасын үлкен ықыласпен қарсы алды. Зауыт басшылығы да зауыттың жаңа стандарттарға сай жаңғыртылуына мүдделі.
"Біздің зауыт Қазақстанда мұнай өңдейтін үш зауыттың бірі. Оның Қазақстан жанармай нарығындағы орны бөлек. Егер зауыт жаңғырту жұмыстары аяқталар болса, сапалы өнім шығара бастайды. Бұл біздің елдегі бензин тапшылығына үлкен қолдау. Сондықтан жұмысшылар осы стратегиялық тапсырманы орындауға ерекше құлықты", - деді С. Шипилов.