2018 жылы Қазақстанда ең көп сатылған көлік маркалары анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы 8 айда ресми дилерлер 36 191 көлік сатты. Осы көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 31,8 пайызға жоғары болды. Бұл туралы «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Есепті кезеңде Қазақстан тұрғындары жаңа жеңіл көліктерді алуға 304,6 млрд теңге жұмсады. Тек тамыз айында 5 266 автомобиль сатылды», - деп атап өтілген хабарламада.

Аталған мерзімде ел аумағында өткізілген көліктердің 19 144-і импортқа тиесілі болса, қалған 17 мыңы қазақстандық автозауыттардың өнімдері.

Белгілі болғандай, сұранысы жоғары брендтердің рейтингінде «Lada» алдыңғы орынға шықты. Биылғы қаңтар-тамызда ел аумағында ресейлік осы марканың 8 329-ы өткізілді. Ал сатылған Toyota модельдері 8 023 данаға жетті. Үшінші орыннан 4 840 көлігі сатылған Hyundai көрінді. Сонымен қатар, сұранысқа ие көшбасшылардың бестігіне GAZ (1734 көлік) және Ravon (1727 көлік) енді.

«Жеңіл көлік модельдері рейтингінде Toyota Camry (2981 көлік), Lada Granta (2429) және жол талғамайтын Lada 4x4 (1972) көш бастап тұр. Көп сатылған ТОP-5 модельдердің қатарынан Hyundai Tucson (1603) мен Toyota Land Cruiser Prado (1249) көрінді», - делінген «ҚазАвтоӨнеркәсіп» мәліметінде.

Соңғы жаңалықтар
telegram