2019 жылға қарай әлемдегі жұмыссыздар саны 212 млн. адамға дейін ұлғаяды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2019 жылы жұмыссыздар саны әлемде 212 млн адамға дейін ұлғаяды.

2019 жылға қарай әлемдегі жұмыссыздар саны 212 млн. адамға дейін ұлғаяды

Бұл болжам сейсенбі күні Женевада жарияланған Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) «Жаһандық еңбекпен қамту және әлеуметтік мүмкіндік: 2015 жылдың үрдісі» баяндамасында көрініс тапты, деп хабарлады ТАСС .

Зерттеу авторлары атап өткендей, алдағы жылдары жұмыссыздықтың өсуі әлемдік экономикадағы бірнеше факторға: өсімнің бәсеңдеуі, табыстағы теңсіздіктің ұлғаюы мен тұрақсыздықтың артуына байланысты болып отыр. «2008 жылы дағдарыстың басталуынан 61 млн.-нан астам жұмыс орны жойылды. Бұл біздің болжам бойынша. Жұмыссыздық онжылдықтың соңына дейін ұлғаяды», - деді, баяндаманы оқыған Халықаралық еңбек бюросының бас директоры Гай Райдер.

ХЕҰ табыстағы теңсіздіктің өсуін болжады. Қазір бай адамдардың 10% барлық табыстың 30-40%, ал кедейлердің 10% барлық пайданың 2-7% алады. Бұл үкіметке деген сенімді үзді, дейді зерттеушілер. Бұл проблема, әсіресе, жастар арасындағы жұмыссыздық тез өсіп келе жатқан аймақтарда өзекті.