2020 жылға дейін елімізде 4,5-5 мыңдай халықаралық деңгейдегі теңізшілер дайындау қажет - «ҚазТеңізФлот»

АЛМАТЫ. 24 мамыр. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» компаниясына 2020 жылға дейін шикі мұнай тасымалдайтын 20-40 шақты танкер керек. Бұл туралы бүгін Алматыдағы Қазақстан теңіз академиясы курсанттарының алғашқы курсты аяқтауына арналған салтанатты жиында айтылды.
None
None

«Бүгінде теңіз флоты мемлекеттің сыртқы саясатының құралы болып отыр. Жыл сайын теңіз тасымалдауының өсуін байқап отырмыз. Мәселен «ҚазМұнайГаз» желісіндегі еншілес кәсіпорын «ҚазТеңізФлоттың» мәліметтеріне қарағанда, 2020 жылы республикада кеме жүргізудің өсуіне орай 400-500 шамасында қосалқы кемелер керек. Бұл қазіргі көрсеткіштен 2 есе жоғары», - дейді «ҚазМұнайГаз»АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары Мағзұм Мырзағалиев. Оның айтуынша, қазір командалық құрамның 21 пайызы ғана - қазақстандықтар. Қалғаны өзге елдің азаматтары болып отыр. Сондықтан 2020 жылға дейін елімізде 4,5-5 мың халықаралық деңгейдегі теңізшілер дайындау керек.

Соңғы жаңалықтар