2020 жылға қарай елімізде жыл сайын 1 мың ғылым докторы дайындалатын болады - Мемлекет басшысы

None
None
АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2020 жылға қарай елімізде жыл сайын 1 мың ғылым докторы дайындалатын болады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен Қазақстан ғалымдарының форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

Ағымдағы жылдан бастап елімізде мемлекеттік тапсырыс магистрлік гранттарға 2 есе, ал PhD докторын дайындауға 2,5 есеге өскенін атап өткен Мемлекет басшысы: «2020 жылға қарай жыл сайын 1 мыңға дейін докторлар дайындалатын болады», - деді.

Елбасының атап өтуінше, бұл ғалымдар ғылым, ғылыми зерттеулер үшін ғана дайындалмақ.

«Онда ғылыми-қолданбалы маңызды нақты мамандықтар бойынша стипендиялар санын көбейту қажет», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар
telegram