2020 жылы айналымдағы ақша массасы ұлғаяды - ҚР Ұлттық банкі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылы айналымдағы ақша массасы ұлғаяды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Ақша массасын, депозиттер мен кредиттерді қоса алғанда, ақша-кредит саясатының көрсеткіштері Ұлттық экономика министрлігі орта мерзімді кезеңге ұсынған ішкі жалпы өнімнің номиналды өсу болжамының негізінде болжанған. 2020 жылдың қорытындысы бойынша халықтың нақты табысының төмендеуі аясында тұтынушылық шығыстардың бір бөлігі қаржыландырылатын депозиттердің әлсіз өсуі күтіледі», - деді Ұлттық банк төрағасы.

Оның айтуынша, депозиттерден басқа, айналыстағы қолма-қол ақша көлемі әлеуметтік төлемдердің өсуі аясында артатын болады. Бұл жиынтығында 2020 жылы ақша массасын ұлғайтады.

«Біздің күткеніміз бойынша экономикаға берілетін кредиттер де іскерлік белсенділіктің баяулауы аясында ақырын өсетін болады. Осы жылдың басынан бері екінші деңгейдегі банктердің кредиттері осы жылғы шілденің соңында 0,5 пайызға дейін ұлғайды. Ұлттық банк қазіргі уақытта «тамыз-қыркүйек» болжам раундын өткізіп жатыр. Оның шеңберінде макроэкономикалық индикаторлардың болжамдары қайта қаралатын болады. Атап айтқанда, осы жылғы 7 айда ІЖӨ-нің 2,9 пайызға қысқаруы бойынша нақты деректерді ескере отырып, ІЖӨ-нің 2020 жылға қысқаруының ағымдағы болжамы жаңартылатын болады», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар