17:48, 16 Ақпан 2016 | GMT +5
2020 жылы Қазақстандағы барлық 10 арнайы экономикалық аймақтың инфрақұрылымы салынып бітеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2020 жылы Қазақстандағы барлық 10 арнайы экономикалық аймақтың (АЭА) инфрақұрылымдары салынып бітеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «KAZNEX INVEST» АҚ басшысының орынбасары Алмас Айдаров мәлім етті.

«Тікелей инвестицияларды тартудың жалпы жүйесінде арнайы экономикалық аймақтардың маңызы өте жоғары. Қазақстанда ондай 10 аймақ бар. Индустриаландыру жылдарында біз АЭА негзгі - инфрақұрылымдарды салу мәселесін шештік. Бүгінде 10 АЭА аумағында толық инрақұрылыммен қамтамасыз етілген учаскелер бар және олар инвесторларды қабылдауға дайын», - деді ол.
А.Айдаровтың сөзіне қарағанда, 2020 жылға қарай барлық 10 арнайы экономикалық аймақтың инфрақұрылымы қалыптасып бітеді.
«Сонымен қатар, биыл бірыңғай үйлестіруші орталық құру бойынша жұмыстар жасалады. Ол барлық 10 аймақты халықаралық стандарттарды енгізу бойынша жұмыстарын бірорталықтандыруға септігін тигізеді», - деді А.Айдаров.