Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

2022 жылы ҚМГ-дың жаңа кен орындарында 10,9 млн. тоннаға дейін мұнай өндіріледі - Л.Қиынов

АТЫРАУ. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - ҚазМұнайГаз 2022 жылға қарай жаңа кен орынларында 10,9 млн. тоннаға дейін мұнай өндіруді жоспарлауда, деп хабарлады ҚМГ басқармасының төрағасы Ләззат Қиынов.

2022 жылы ҚМГ-дың жаңа кен орындарында 10,9 млн. тоннаға дейін мұнай өндіріледі - Л.Қиынов

ҚМГ мұнайдың қосымша көлемін Өріктау кен орнын, Н.Жамбыл, Жемчужина теңіз блоктарын игеруден алмақшы.

Осындай мәлімдемені Л.Қиынов ҚМГ және оның еншілес ұйымдары басшылығының қатысуымен өткен ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы талқыланған кеңейтілген кеңесте жасады.