2023 жылы АӨІСШК елдері Қазақстан экономикасына 1,6 млрд инвестиция құйды

АСТАНА. KAZINFORM – Өткен жылы Қазақстан мен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі елдері арасындағы тауар айналымы 82 млрд долларға жетті. Бұл туралы АӨІСШК Іскерлік кеңесінің 7-отырысында «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Райымбек Баталов айтты.

Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу процесі автоматтандырылады
Фото: pexels.com

«Қазақстан 2021 жылы АӨІСШК төрағалығын өзіне алды және осы уақыттың ішінде біз айтарлықтай нәтижеге қол жеткіздік. Қазақстан бизнесі АӨІСШК елдерінің бизнесімен агроөнеркәсіп кешені, машина жасау, логистика, медицина, білім беру, ІТ, туризм сынды экономиканың көптеген секторын қамтиы отырып, белсенді ынтымақтастықты жолға қойды», - деді палата басшысы.

Оның дерегінше, 2023 жылы Қазақстанның АӨІСШК елдерімен тауар айналымы 5 пайызға артып, шамамен 82 млрд долларға жетті. Өткен жылы бұл көрсеткіш 78,3 млрд долларды құраған болатын. 

«Бүгінде Қазақстан аумағында АӨІСШК елдері капиталының қатысуымен 26 мыңнан астам компания жұмыс істейді. 2023 жылдың ішінде АӨІСШК елдерінен Қазақстанға құйылған инвестиция көлемі 1,6 млрд долларды құрады», - деді Райымбек Баталов.

Соңғы жаңалықтар