2024 жылдың соңында студенттерге жатақханалардан 70 мыңға жуық орын қажет болады
«2023-2024 оқу жылының соңында жоғары оқу орындары мен колледж студенттері үшін жатақханалардан 70 мыңға жуық орын қажет. Олардың көпшілігі ірі қалаларда. Мәселені жүйелі шешу үшін Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Оған сәйкес, нысандарды салуға және жаңғыртуға жеке инвестицияларды тарту, мемлекеттік тапсырысты орналастыру жолымен шығыстарды субсидиялау арқылы жыл сайын 10 мың жаңа орынды пайдалануға беру жоспарланған», - деп атап өтеді Үкімет басшысының орынбасары жауабында.
Оның атап өтуінше, Ғылым және жоғары білім министрлігі Оқу-ағарту министрлігімен, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерімен бірге 2023 жылы жатақхана нысандарын пайдалануға беру жол картасын қабылдады.
«Қажеттіліктің Алматы қаласында жоғары екенін ескере отырып, Ғылым және жоғары білім министрлігі Алматы қаласының әкімдігімен бірге әлеуетті инвесторлармен жұмыс істеу үшін бір терезе қағидаты бойынша Жобалық офис құрды. Инвестициялық тартымдылықты күшейту мақсатында жатақханалар салу кезінде мемлекеттік тапсырысты орналастыру мерзімі 8 жылдан 6 жылға дейін қысқартылды. Бірақ жатақханадағы бір орын үшін мемлекеттік тапсырыстың мөлшері 122 АЕК-тен 195 АЕК-ке дейін (672 750 теңге), Алматы қаласы үшін 144 АЕК-тен 230 АЕК-ке дейін (793 500 теңге) ұлғайтылды. Жаңғырту кезінде мемлекеттік тапсырысты орналастыру: республикалық маңызы бар қалалар мен Астанада 92 АЕК (317 400 теңге); өзге елді мекендерде – 47 АЕК (162 150 теңге)», - деді Алтай Көлгінов.
Бұл ретте Премьер-Министрдің орынбасары жауңғырту кезінде пайдалануға берілетін орындардың көлемі ескерілетіндігін атап өтеді. Яғни, облыс орталықтары, республикалық маңызы бар қалалар және Астана үшін кемінде 100 орын, қалған елді мекендер үшін кемінде 50 орын болуы керек.