2025 жылы әлемде болған алапат апаттар: өрт, дауыл, су тасқыны, жанартаудың атқылауы
АСТАНА. KAZINFORM - Өтіп бара жатқан жыл соңғы кездегі ең күрделі кезеңнің бірі болды. Әлемнің түрлі аймақтарында ірі төтенше жағдайлар тіркелді. Орман өрті, су тасқыны, жер сілкінісі, дауылдар мен аптап ыстықтар халықаралық күн тәртібінің тұрақты тақырыбына айналып, ірі қалалармен қатар шалғай аумақтарды да шарпыды.
Қымбатқа түскен табиғи апат
2025 жылдың қаңтар айында Оңтүстік Калифорния соңғы жылдардағы ең алапат өрттің ошағына айналды. 7 қаңтарда Лос-Анджелес пен оған көршілес аудандардағы орманда өрт шығып, бірнеше айға созылған құрғақшылық және екпіні кей жерлерде сағатына 130 шақырымнан асқан «Санта-Ана» дауылының әсерінен жылдам таралды.
Қаңтардың соңына қарай өрт Лос-Анджелес округінде 23 мың гектардан астам аумақты шарпып, 31 адамның өмірін қиды және шамамен 180 мың адамды қауіпті аймақтардан оқшаулауға мәжбүр етті. Үш аптаға созылған өрт салдарынан мыңдаған ғимарат қирап, зақымданды.

Сонымен қатар қою түтін бірнеше күн бойы Лос-Анджелестің аспанын торлап, ауаның сапасын адам денсаулығына қауіпті деңгейге жеткізді. Медициналық зерттеулерге сәйкес, қою түтін тағы шамамен 400 адамның өліміне себеп болған.
Оңтүстік Калифорниядағы экономикалық шығын 61 млрд АҚШ долларына бағаланып отыр.
Еуропадағы экстремалды ыстық
Жазда Еуропа бақылау тарихындағы ең қуатты экстремалды ыстық толқындарының бірін бастан өткерді. Құрлықтың едәуір бөлігінде ауа температурасы 40°C-тан жоғары көтеріліп, әсіресе батыс және оңтүстік елдерде бірнеше апта бойы сақталды. Барселона мен Мадридтен бастап Лондон мен Миланға дейін аптап ыстық күнделікті өмірді бұзып қана қоймай, денсаулыққа байланысты күрделі мәселелер мен өлім-жітімнің артуына себеп болды.
This is insane 😐 Get ready for the most widespread and severe heatwave so far this summer by the end of June into July, Europe… pic.twitter.com/w0aehqkmRp
— Weather Watcher (@WXWatcher07) June 23, 2025
Бірқатар еуропалық институттардың ғалымдары жүргізген зерттеулерге сәйкес, 23 маусым мен 2 шілде аралығында Еуропаның 12 қаласында ыстықтың салдарынан шамамен 2,3 мың адам көз жұмған. Оның ішінде шамамен 1500 өлім жағдайы климаттың өзгеруімен тікелей байланысты деп саналады, себебі ол экстремалды температураны күшейтіп, адам ағзасына және денсаулық сақтау жүйесіне түсетін салмақты арттырған.
Мьянма мен Ауғанстандағы жер сілкіністері
Азияда болған екі ірі жер сілкінісінен көп адам көз жұмды. Наурыз айының соңында Мьянманың орталық бөлігінде, елдің екінші ірі қаласы Мандалай маңындағы Сагаинг жарылымы аймағында магнитудасы шамамен 7,7 болатын күшті жерасты дүмпулері тіркелді. Таяз ошақта болған бұл жер сілкінісі бірқатар афтершоктармен қатар жүріп, Мьянмада да, көршілес Таиландта да ауқымды қираулар мен адам өліміне себеп болды. 3 600-ден астам адам қаза тауып, 5 мың адам жарақат алды. Халықаралық ұйымдардың бағалауынша, өңірде шамамен 15 млн адам зардап шеккен.
Earthquake sum up 3pm (Mynamar/Thailand)
— Florian Witulski (@vaitor) March 28, 2025
- 7.7 quake hit near Mandalay/Myanmar
- Hundreds of homes collapsed (various Myanmar cities)
- Strong shocks in Thailand + multiple building collapse in Bangkok
- USGS predicts thousands of people dead
(Bangkok clips from social media:) pic.twitter.com/kJodTn6BIg
Дәл осы Мьянмадағы жер сілкінісі кезінде тарихта алғаш рет тектоникалық плиталар шекарасының үзілу сәті бейнежазбаға түсірілді. Бұл жазба ғылыми және медиа алаңдарда жылдам таралып, бұған дейін тек сейсмикалық құралдар арқылы ғана тіркелген үдерістің бірегей көрнекі дәлеліне айналды. Жер бетінің жарығы шамамен 1,3 секунд ішінде 2,5 метрге ығысып, ең жоғары жылдамдығы шамамен 3,2 м/с болған.
Scientists call the first-ever recorded footage of a tectonic plate boundary rupture a major discovery. Myanmar March 2025 7.7 earthquake shows fault slipping 2.5m in 1.3s at 3.2 m/s.
— Devin Nunes' Cattle Dog 🇺🇦 🇪🇺🇺🇸🇨🇦 (@Kaos_Vs_Control) December 22, 2025
Perfect with the fence as reference point to see the slip! pic.twitter.com/a0InozmUYd
Кейінірек, тамыз айының соңында, магнитудасы төменірек болғанымен, салдары ауыр жерасты дүмпулері Ауғанстанның шығыс бөлігінде – Кунар провинциясының таулы аудандарында тіркелді.
On Aug 31, 2025, a 6.0 earthquake hit Eastern #Afghanistan. The assessment led by @unafghanistan, @EUinAfghanistan, @WorldBank & @ADB_HQ estimates:
— UNDP Afghanistan (@UNDPaf) December 18, 2025
💰 US$86.8M damages & losses
🔧 US$128.8M recovery needs
📷 Watch: https://t.co/8ZWt15kSwu
📷 Report: https://t.co/U87uhUG4WL pic.twitter.com/8CTsNr9Jaz
Эпицентрдің таяз орналасуы мен ғимараттардың сейсмотөзімділігінің төмендігі ауылдардың қирауына, көп адамның өліміне және кей өңірлердегі гуманитарлық жағдайдың ушығуына әкелді. Бұл табиғи апат шамамен 2 200 адамның өмірін қиды.
«Мелисса» дауылы
2025 жылдың қазан айында Атлант аймағы «Мелисса» атты дауылдан қатты зардап шекті. Дауыл қысқа уақыт ішінде ең жоғары – бесінші санатқа дейін күшейіп, Ямайкаға, сондай-ақ көршілес Гаити, Доминикан Республикасы мен Кубаға соққы берді.

Табиғи апат жойқын желмен, дауылды толқындармен және нөсер жаңбырмен қатар жүріп, инфрақұрылымдардың қирауына, электр энергиясының өшуіне және су тасқынына әкелді.
Ресми мәліметтерге сәйкес, Кариб теңізі бассейніндегі бірнеше елде жүзден астам адам қаза тапқан. Дауылдан келген экономикалық шығын шамамен 10 млрд АҚШ долларына бағаланып отыр. Бұл «Мелиссаны» 2025 жылы Атлант аймағындағы ең қымбат табиғи апаттардың біріне айналдырды.
Азиядағы су тасқындары
2025 жылдың қараша айында Оңтүстік-Шығыс Азия елдері муссондық жаңбыр мен тропикалық циклонның қатар келуінен туындаған ауқымды су тасқынына тап болды. Қатты нөсер өзендердің арнасынан тасуына, топырақ көшкініне және Индонезия, Таиланд, Вьетнам мен Шри-Ланкада ғимараттардың қирауына себеп болды.
Ең ауыр жағдай Вьетнамда қалыптасты. Елдің орталық провинцияларында жауған нөсер жаңбыр салдарынан 91 адам қаза тауып, тағы шамамен 11 адам хабар-ошарсыз кетті. Мыңдаған тұрғын үйді су басып, жүздеген мың гектар ауыл шаруашылығы жерлері жарамсыз күйге түсті.
Heavy rains have unleashed devastating floods and landslides across South Asia. Sri Lanka, Thailand, Indonesia and Malaysia have all been hit, with rising death tolls and mass evacuations. pic.twitter.com/M8OUjfbRWx
— Al Jazeera English (@AJEnglish) November 28, 2025
Таиландта табиғи апат тоғыз провинция мен 2 700-ден астам елді мекенді қамтыды. Ресми деректер бойынша, 176 адам қаза тауып, зардап шеккендердің саны миллиондап есептелді.
Апаттың ауқымын аймақтағы тропикалық циклондардың белсенділігі одан әрі күшейтті. Олар аса мол жауын-шашын әкеліп, құтқару қызметінің жұмысын айтарлықтай қиындатты.
Индонезияның Суматра аралында нөсер жаңбыр жауып, топырақ көшті.
🇮🇩 More flooding again in Sumatra, Indonesia.
— Volcaholic 🌋 (@volcaholic1) December 7, 2025
This is from Sibolga, in Sibolga City, North Sumatra.
The death toll is now 921, with 329 still missing after the catastrophic floods and landslides that hit the island. pic.twitter.com/D2lryYXc5W
Сирек кездесетін «Сеньяр» тропикалық циклоны ауқымды су тасқыны мен көшкін тудырып, көптеген адамның өмірін қиды және халықты жаппай эвакуациялауға себеп болды.
Билік органдары мен гуманитарлық ұйымдардың бағалауынша, табиғи апат салдарынан шамамен 969 адам қаза тауып, 5 мыңнан астамы жарақат алған, ал бір миллионға жуық тұрғын өз үйін тастап шығуға мәжбүр болды. Зардап шеккендердің жалпы саны 3,2 миллион адамнан асты.
Тағы бір оқиға ретінде қараша айының соңы – желтоқсан айының басында Шри-Ланкаға соққы берген «Дитва» тропикалық циклонын атап өтуге болады. Метеорологиялық жіктеме бойынша ол әлсіз циклон саналғанымен, негізгі залал желден емес, ұзаққа созылған нөсер жаңбырдан келді.
“We are inspired by how communities across Sri Lanka have come together during this difficult time,” said Gevorg Sargsyan, World Bank Group Country Manager for Sri Lanka & Maldives.
— Sri Lanka Tweet 🇱🇰 (@SriLankaTweet) December 21, 2025
“Our hearts go out to every Sri Lankan affected by Cyclone Ditwah. The World Bank remains… pic.twitter.com/UKrLifqcoz
Жауын-шашын аралдың едәуір бөлігін қамтыған ауқымды су тасқындары мен жер көшкіндеріне әкелді. Ресми деректерге сәйкес, 600-ден астам адам қаза тауып, экономикалық шығын 1,6 млрд АҚШ долларынан асты.
Гонконгтағы өрт
26 қараша күні Гонконгтің солтүстігіндегі Тай По ауданында орналасқан Wang Fuk Court атты 32 қабатты тұрғын үй кешенінде өрт шықты. Алдымен ғимараттың айналасына орнатылған бамбуктан жасалған құрылыс сатысы мен құрылыс торы тұтанған. Себебі кешенде ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан еді. Тұрғындардың бір бөлігі ғимарат ішінде қамалып қалды. Өрт сөндірушілер келген сәтте-ақ от бірнеше үйді қатар шарпыған болатын.
Өрт бірнеше күнге созылып, ең жоғары – бесінші күрделілік деңгейіне жетті. Нәтижесінде тұрғын үй кешеніндегі сегіз мұнараның жетеуі толығымен жанып кетті.
“We are inspired by how communities across Sri Lanka have come together during this difficult time,” said Gevorg Sargsyan, World Bank Group Country Manager for Sri Lanka & Maldives.
— Sri Lanka Tweet 🇱🇰 (@SriLankaTweet) December 21, 2025
“Our hearts go out to every Sri Lankan affected by Cyclone Ditwah. The World Bank remains… pic.twitter.com/UKrLifqcoz
Ол Гонконг тарихындағы 1948 жылдан бергі ең ірі өрт болды. Ресми мәліметтер бойынша, 146 адам қаза тауып, шамамен 40 адам жоғалып кеткен кеткен, ал жүзден астам мәйіт жеке басы анықталмағандар санатына жатқызылды. Сонымен қатар 79 адам жарақат алды, олардың ішінде 12 өрт сөндіруші бар.
At least 36 people, including a firefighter, have been killed and at least 29 others injured and 279 still missing in a massive fire in Hong Kong's Tai Po neighbourhood.
— South China Morning Post (@SCMPNews) November 26, 2025
Go to https://t.co/BZs48orPi5 to follow our free, live coverage. #hongkong #taipofire #taipo pic.twitter.com/BMaaGKeZ9P
Билік өкілдерінің айтуынша, өрттің жылдам таралуына жөндеу жұмыстары кезінде пайдаланылған тез тұтанатын пенополистирол себеп болған.
Эфиопиядағы оқиға
Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары кеңінен жазған ең ірі апаттардан бөлек, 2025 жыл басқа да қайғылы оқиғалармен есте қалды.
Эфиопияда соңғы 12 мың жылда алғаш рет Хайли-Губби жанартауы атқылады. Күл бағаны 14 шақырым биіктікке дейін көтеріліп, ауаның сапасын күрт нашарлатты және жақын маңдағы аймақтардағы өмірге елеулі қиындықтар туғызды.
The eruption of Hayli Gubbi volcano in Ethiopia last month, which had been dormant for 12000 years, was a clear evidence that Africa indeed is splitting in two from the East African Rift. Gordon Michael Scallion's vision of the world map is coming true and we may have to get… pic.twitter.com/EdeuG2cRFO
— SynCronus (@syncronus) December 7, 2025
АҚШ-та, Солтүстік Дакота штатында, маусым айында 2013 жылдан бері алғаш рет ең жоғары EF5 санатындағы торнадо тіркелді. Желдің жылдамдығы сағат сайын күшейіп, үш адам қаза тапты.
Бұл оқиғалар көп адамның өмірін қиған апаттар қатарына кірмесе де, 2025 жылы әлем әртүрлі сипаты мен географиясы бойынша қаншалықты алуан түрлі катастрофаға тап болғанын айқын көрсетті.
Катастрофалар – жаңа шындық
2025 жылғы апаттар енді жекелеген қайғылы оқиғалар ретінде емес, ауыр әрі үздіксіз шежіре ретінде қабылдана бастады. Швейцариялық Swiss Re сақтандыру компаниясының бағалауынша, 2025 жылы табиғи апаттардан келген жаһандық экономикалық шығын 220 млрд АҚШ долларына жеткен. Бұл бақылау тарихындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып отыр.