2025 жылы «Алматы жастары» бағдарламасымен үй алатын жастар саны көбейеді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда қалалық мәслихаттың кезекті XXIV сессиясы өтті. Жиын барысында Алматы қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізілді.

баспана
Фото: freepik

Алматы қаласы Қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбекова «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасын қаржыландыруға қосымша 1,4 млрд теңге бөлуді ұсынды.

– «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасын қаржыландыру жалғастырылады. Ол үшін бюджеттен қосымша 1,4 млрд. теңге бөлінетін болады. Бұл әлеуметтік, құқық қорғау, коммуналдық және басқа да салаларда еңбек ететін жас азаматтар үшін қосымша 80 ипотекалық несие алуға мүмкіндік береді, - деді ол.

Сондай-ақ оның айтуынша, ішкі істер органдарының 2 510 қызметкерінің тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында жергілікті бюджеттен қосымша 2,5 млрд теңге бөлу жоспарланған.

Қалалық мәслихат депутаттары Алматы қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу туралы ұсынысын қабылдады. 

Еске салайық, биыл «Алматы жастары» бағдарламасы аясында 1 200 адамға тұрғын үй сатып алуға кемінде заем берілген болатын.

Соңғы жаңалықтар