2025 жылы «Болашақ» бағдарламасымен оқуын аяқтағандар елге оралды ма

АСТАНА. KAZINFORM — Биыл «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алғандардың нешеуі шетелде қалды? Бұл сұраққа Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті жауап берді.

«Болашақ» және «Ғылыми тағылымдамалар» стипендиясына құжат қабылдау басталды
Фото: «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

- Қазіргі уақытта «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында 1,2 мыңнан астам стипендиат білім алып жатыр. Оның ішінде 75,5 пайызы – магистратурада, 12,4 пайызы – тағылымдамада, 12,1 пайызы – докторантурада, - делінген ведомствоның Kazinform агенттігіне берген жауабында.

«Болашақ» бағдарламасы аясында 2025 жылы 202 адам оқуын аяқтады. Оның ішінде 48,5 пайызы тағылымдама бағдарламасы, 46,5 пайызы – магистратура, 5 пайызы докторантураны аяқтады.

- Бүгінде 202 түлектің 178-і еңбекпен өтеу мониторингінде, 8 түлек – еңбекпен өтеу бойынша (оқуға, бала күтіміне және т.б. байланысты) шарттық міндеттемелерді орындауды кейінге қалдырды, сондай-ақ 16 түлек жұмысқа орналасу кезеңінде. Осылайша, «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларына сәйкес, 2025 жылы оқуын және тағылымдамасын аяқтаған барлық түлектер Қазақстанға оралды, - деп аталып өткен. 

Айта кетейік, жақында 225 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. 

Еске салсақ, 2024 жылы «Болашақ» бағдарламасы аясында 230 адам оқуын аяқтады

Соңғы жаңалықтар