2025 жылы Қытайда 20 миллионнан астам қолданылған автокөлік сатылды

АСТАНА. KAZINFORM — Былтыр Қытайда қолданылған автокөліктер сатылымында жаңа рекорд орнатылды. Қытай автомобиль дилерлері ассоциациясының хабарлауынша, нарықта 20 миллионнан астам автокөлік сатылды. Бұл туралы Синьхуа жазды.

машины, авто
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Өткен жылдың желтоқсан айында, қолданылған автокөліктерді қайта тіркеу коэффициенті — өңірлер арасындағы сауданың негізгі көрсеткіші — 34,9%-ға жетті. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 4,7 пайыздық пунктке жоғары болды.

Ассоциацияның орынбасары Ло Лэйдің айтуынша, бұл жергілікті қолданылған автокөліктер дилерлерінің қоймаларындағы қысымды азайтуға мүмкіндік берді.

2025 жылы Қытайда жаңа энергия көздерімен жүретін қолданылған автокөліктердің сатылымы 1,6 миллионға жетіп, барлық қолданылған автокөліктердің 7,9%-ын құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2,2 пайыздық пунктке өскен.

— Автокөлік өнеркәсібіндегі артық бәсекелестікті азайту шаралары мен ескі автокөліктерді жаңасымен айырбастау бағдарламаларының кеңінен енгізілуі арқасында биыл жаңа көліктердің бағасы тұрақталады деп күтіліп отыр. Бұл қолданылған автокөлік нарығын дамыту үшін одан әрі қолайлы жағдай туғызады, — дейді Ло Лэй.

Бұдан бұрын 2025 жылы Tesla электромобильдер сатылымында қытайлық BYD-ден артта қалғанын жазғанбыз. Бұл Tesla-ның қытайлық BYD автокомпаниясына әлемдік сатылымдар бойынша бірінші рет жол беруі.

Соңғы жаңалықтар