2025 жылы өмірден өткен, Қазақстан мен әлем тарихында із қалдырған тұлғалар

АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылы әлем ғылым, өнер, саясат және спорт салаларындағы көрнекті қайраткерлерімен қоштасты. Қазақстан да ондаған жылдар бойы ұлттық ғылымды, әдебиетті, журналистиканы, өнерді, спортты және мәдени мұраны қалыптастырған бірқатар айтулы тұлғаларынан айырылды. Олардың еңбегі мен таланты жаңа буынға берік негіз болып қалды, ал есімдері ел тарихының ажырамас бөлігіне айналды, деп жазады Kazinform агенттігі.

Ушедшие в 2025 году: люди, оставившие след в истории Казахстана и мира
Коллаж: Kazinform; Canva

Әлем

Саясат және дін

Қайғылы оқиғалардың бірі — Рим Папасы Францисктің дүниеден өтуі болды. Понтифик 21 сәуір күні 88 жасында екіжақты пневмониядан көз жұмды. Ватикан оның кедейлерге, мұқтаж жандарға және қолдауға зәру адамдарға жасаған қызметі үшін асқан ризашылық білдіріп, ресми хабар таратты. Папа Франциск қазіргі заманның ең прогрессивті понтификтерінің бірі саналды.

Умер Папа Римский Франциск
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform


Ал АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Дик Чейни 84 жасында өмірден өтті. Ол XXI ғасырдың басындағы америкалық саясатқа елеулі ықпал еткен тұлға болды. Кіші Джордж Буш әкімшілігі тұсында, соның ішінде Ирактағы соғысқа қатысты шешімдерде маңызды рөл атқарды. Оның саяси мұрасы бүгінге дейін қызу пікірталас тудырып келеді.

Умер бывший вице-президент США Дик Чейни
Фото: DW

Сонымен бірге АҚШ белгілі мемлекет қайраткері  Уильяма Уэбстерам Уэбстерден айырылды. Ол бір мезгілде әрі Федералдық тергеу бюросын әрі Орталық барлау басқармасын басқарған жалғыз адам. Уэбстер 101 жыл ғұмыр кешіп, америкалық арнайы қызметтер тарихында үлкен із қалдырды.

Уильямв
Фото: caliber.az

Франция «Ұлттық майдан» партиясының негізін қалаушы әрі ұзақ жылдар бойы жетекшісі болған, қазіргі еуропалық оңшыл популизмнің қалыптасуына ықпал еткен Жан-Мари Ле Пенмен қоштасты. Ол 96 жасында өмірден өтті.

Жан-Мари Ле Пен
Фото: © ИТАР-ТАСС/ Александр Саверкин

Әлемдік кинематограф

Желтоқсан айының ортасында режиссер Роб Райнер мен оның жұбайы Мишельдің қазасы туралы суыт хабар Голливудты дүр сілкіндірді: ерлі-зайыптылар өз үйлерінен қаза тапқан күйінде табылды. Роб Райнер мен оның жұбайы қоғамдық қызметке, әсіресе балаларды қорғау саласындағы жобаларға белсене атсалысқан. Райнердің америкалық кинематографияға қосқан үлесін асыра бағалау мүмкін емес: соңғы онжылдықтардағы бірқатар культтік фильмдердің авторы дәл осы режиссер еді. Атап айтқанда, «Қалыңдық-ханшайым», «Гарри Саллимен танысқанда…», «Бірнеше жақсы жігіт» фильмдері поп-мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналды.

Райнер
Фото: rozetked.me

 

Дэвид Линчтің өлімі де мәдениеттегі орны толмас қазаның бірі болды. Сюрреалистік кино шебері, «Өшіргіш-бас», «Көк барқыт», «Піл-адам» фильмдерінің авторы, «Твин Пикс» әлемін жасаған режиссер 78 жасында өмірден өтті.

Дэвид Линч
Фото: Kinopoisk.ru

Кино әлемі сондай-ақ актер Кэри-Хироюки Тагавадан айырылды. Ол ең алдымен Mortal Kombat фильміндегі сиқыршы Шан Цзун рөлімен танылған еді. Актер 76 жасында дүниеден өтіп, өзінен кейін әлемдік бұқаралық мәдениеттің бір бөлігіне айналған 150-ден астам рөлді қалдырды.

Умер звезда фильма Mortal Kombat Кэри-Хироюки Тагава
Фото: repost.uz

Ресейде халық әртісі, Леонид Гайдайдың жары, «Гауһар қол», «Кавказ тұтқыны», «12 орындық» фильмдеріндегі әйгілі рөлдерімен танымал актриса Нина Гребешкова өмірден озды. Ол 94 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

Нина Гребешкова
Фото: kinoafisha.info

Музыка және сән

Рок-музыкант, Black Sabbath тобының көшбасшысы Оззи Осборн 76 жасында өмірден өтті. Хэви-металдың негізін қалаушылардың бірі, тұтас бір дәуірдің музыкалық келбетін айқындаған О.Осборн Паркинсон дертіне қарамастан, соңғы күндеріне дейін сахнаға шығып жүрді.

Оззи Осборн
Фото: «Ozzy. Автобиография без цензуры» кітабының мұқабасы

Сән әлемінде әйгілі сәнгер Джорджо Армани 91 жасында дүниеден өтті. Ол Giorgio Armani, Emporio Armani және Armani Jeans брендтерін құрып, сән индустриясын түбегейлі өзгерткен тұлға ретінде тарихта қалды. Әрбір ұсақ-түйегіне дейін мұқият мән берген Армани соңғы күндеріне дейін дерлік жұмысын жалғастырды. Оның стилі — минимализм, сызықтардың дәлдігі мен қымбат мата еуропалық сән символдарының біріне айналды.

Умер легендарный итальянский модельер Джорджо Армани
Фото: stylenews.ru

Қазақстан

Ғылым және медицина

Қазақстан көрнекті қазақ философы Жабайхан Әбділдинмен қоштасты. Ол 93 жасқа қараған шағында өмірден өтті.

Жабайхан Абдильдин
Фото: e-history

Жабайхан Әбділдин — диалектика теориясы мен диалектикалық логика саласындағы қазақстандық философиялық мектептің негізін қалаушы, ғылым мен техника саласындағы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының, Президенттің Бейбітшілік пен рухани келісім сыйлығының, сондай-ақ Шоқан Уәлиханов атындағы алғашқы сыйлықтың лауреаты.

Еліміз үшін ауыр қазалардың бірі — Қазақстандағы балалар хирургиясының негізін қалаған академик Камал Ормантаевтың дүниеден өтуі болды.

Камал Сәруарұлы ОРМАНТАЕВ
Фото: egemen.kz

Әлемдік деңгейдегі педиатр-дәрігер, профессор, ғылымға еңбегі сіңген қайраткер мыңдаған адамның өмірін сақтап қалды: 20 мыңнан астам аса күрделі операция жасап, 200-ден астам ғалымды тәрбиелеп шығарды. Оның есімі отандық медицина шежіресіне алтын әріппен жазылды.

Сондай-ақ Қазақстан Ұлы Отан соғысының ардагері, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің көрнекті өкілі Мұса Тұмановпен қоштасты. Ол қырық жылға жуық уақыт бойы обаға қарсы станцияда еңбек етіп, аса қауіпті жұқпалы аурулармен күн сайын бетпе-бет келді және әрдайым жанқиярлық пен ерліктің үлгісі болды.

Муса Туманов
Фото: CSEC

Биыл қазақстандық ғылым отандық медицинаның аңызына айналған тұлға — акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының негізін қалаушылардың бірі Нина Каюповамен де қоштасты.

л
Фото: Нины Каюпованың жеке мұрағаты

Оның жетекшілігімен медициналық ғылымның жаңа бағыты — экологиялық репродуктология қалыптасты. Ол ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның жұмысына қатысқан. Ұзақ жылдар бойы еліміздің акушер-гинекологтарының ұлттық қауымдастығын басқарды және ондаған жылдар бойы саланың дамуына үлес қосты. 

Еліміз ұшқыш-ғарышкер, Халық қаһарманы Талғат Мұсабаевтың дүниеден өткені туралы қаралы хабарды да зор күйзеліспен қабылдады.

Талгат Мусабаев
Фото: Gov.kz

Ол ғарышқа үш рет ұшып, ашық ғарыш кеңістігіне шыққан. Кейін қоғам қайраткері әрі сенатор ретінде де ел игілігі үшін еңбек етіп, саланы дамытуға бағытталған маңызды бастамаларды көтерді.

Журналистика

Журналистер қауымы да қатарынан бірнеше көрнекті өкілінен айырылды. «Қазақпарат–Kazinform» халықаралық ақпарат агенттігінің шығарушы редакторы Ринат Дусумов 43 жасында, өзінің туған күнінде өмірден өтті. Ол әртүрлі басылымдарда тілші, шолушы, арнайы жобалар жетекшісі, редактор болып еңбек етті. Журналистика саласына шамамен 20 жылын арнады, соның елеулі бөлігі «Kazinform» агенттігіндегі қызметке тиесілі.

Ринат Дусумов
Фото: Kazinform

Сондай-ақ «Время» газетінің бас редакторы Лев Тараков кенеттен қайтыс болды. Ол — интеллектуал, мемлекет қайраткері, Қазақстанның қазіргі медиа кеңістігіндегі ең беделді тұлғалардың бірі еді.

Скоропостижно ушел из жизни казахстанский журналист Лев Тараков
Фото: aikyn.kz

Биыл дарынды спорт журналисі Диас Ахметшәріп те өмірден өтті. Ол — отандық спорттық телевизияның алғашқы қарлығаштарының бірі, «Kazsport» телеарнасының тұңғыш директоры, әлемдік деңгейдегі ең маңызды жарыстар туралы материалдардың авторы.

Диас Ахметшарип
Фото: Gov.kz

Биыл 48 жасында белгілі қазақстандық тележурналист Диля Ибрагимова да дүниеден озды. Ол ұзақ жылдар бойы «Хабар» және «КТК» телеарналарында спорт жаңалықтарын жүргізіп, қазақстандық спорт журналистикасындағы ең танымал әрі сүйікті тұлғалардың біріне айналды.

Ушла из жизни журналистка Диля Ибрагимова
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қайғылы жағдайда Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров қаза тапты. Ол 2022 жылға дейін Қазақстанның даму институтының Саяси зерттеулер орталығында, Алматы қаласы әкімдігінде, ҚР Президентінің Әкімшілігінде, Мәдениет және ақпарат министрлігінде, Премьер-Министр кеңсесінде, сондай-ақ ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде түрлі, оның ішінде басшылық қызметтерді атқарған.

Ержан Бабакумаров
Фото: Kazinform

Әдебиет пен өнер

Биыл қазақ поэзиясында өзіндік із қалдырған ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қүләш Ахметова 80 жасында дүниеден озды. Ол әр жылдары өзінің өлеңдер жинақтарын шығарды, «Ақ гүлім менің», «Сен менің бақытымсың», «Бұлақтағы жұлдыздар», «Мейірім», «Жапырақ — жаздың жүрегі» секілді шығармалары бірнеше буынның эстетикалық талғамын қалыптастырды.

Куляш Ахметова
Фото: ztgzt.kz

АҚШ-та заманауи қазақстандық әдебиеттің ірі өкілдерінің бірі, «Аласапыран», «Мен», «Жармақ» шығармаларының авторы, қазақ тарихы мен фольклорын зерттеу бағытының негізін қалаушы Мұхтар Мағауин дүниеден өтті.

Мухтар Магауин
Фото: adebiportal.kz

Еліміз драматург, жазушы, сценарист Дулат Исабековті соңғы сапарға шығарып салды. Оның шығармалары негізінде кино түсірілген, жылдар бойы пьесалары театр сахнасында қойылды. 

дулат исабеков
Фото: kaztag.kz

Қазақ әдебиетінің феномені, ақын әрі қоғам қайраткері Темірхан Медетбек те өмірден озды. Ол бірнеше жинақтың авторы, Абай шығармашылығын және көне түрік дәстүрін зерттеумен айналысты.

Темирхан Медетбек
Фото: adebiportal.kz

Сонымен бірге, биыл халық жазушысы, ақын, драматург және композитор Исраил Сапарбай дүниеден өтті. Ол елдің рухани қазынасына айналған танымал әндер мен маңызды шығармалардың авторы болды. 

Исраил Сапарбаев
Фото: Facebook/Исраил Сапарбаев

Қазақ киносында белгілі актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайрат Кемалов қайтыс болды. Ол «Қазақ хандығы» фильміндегі Керей хан секілді көптеген рөлімен есте қалды.

Умер казахстанский актер Кайрат Кемалов
Фото: @ermaganbetbulekpaev

Кино және театр актері, режиссер, педагог, профессор, Қазақ КСР және КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов 88 жасында өмірден өтті. 

Әшімов
Фото: instagram.com/assanali.ashimov

 

 

Соңғы жаңалықтар