2025 жылы санитариялық авиация мыңдаған адамды құтқарып қалды
АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылы Қазақстан медициналық авиация арқылы мыңдаған пациентке көмек көрсетті, деп хабарлайды ДСМ баспасөз қызметі.
2025 жылы Қазақстанның медициналық авиация қызметі ел ішінде және шетелде 2,2 мыңнан астам ұшуды орындап, мыңдаған пациентке жедел және мамандандырылған көмек көрсетті.
-
Ұшулар саны: 1 қаңтар мен 30 желтоқсан аралығында Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығы 2 589 өтініш қабылдаған. Оның 2 272-сі нақты медициналық қызметпен, 15-і медициналық қолдаусыз орындалды. 2024 жылмен салыстырғанда ұшулар 4,5%-ға өскен.
-
Ұшулар бағыты: 68,2%-ы өңірішілік деңгейде өтті. Астанадан 544, Алматыдан 174 ұшу жасалды, халықаралық бағыт бойынша — 9 ұшу орындалды.
-
Халықаралық эвакуация: 2025 жылы шетелден Қазақстан азаматтарын тасымалдауға 33 өтініш түсті. Түркия, Германия, Корея, Вьетнам, Қырғызстан және Мысырдан 9 эвакуация ұйымдастырылды.
2025 жылы мобильдік медициналық бригадалар қандай жұмыс атқарды:
-
6 255 пациентке медициналық көмек көрсетілді.
-
9 124 медициналық қызмет орындалды.
-
2 267 пациент тасымалданды.
-
144 бетпе-бет консультация және 140 жергілікті хирургиялық араласу жүргізілді.
-
Қашықтықтан консультациялар жалпы қызметтің 72,1%-ын құрады, бұл телемедицинаның кең қолданылуын көрсетеді.
Былтыр көбіне қандай пациенттерге көмек көрсетілді:
-
Акушериялық патология, балалар аурулары, қанайналым жүйесі аурулары (соның ішінде инсульт).
-
Жарақаттар, апат салдары және жаңа туған нәрестелер патологиясы.
Донорлық ағзаларды тасымалдау және трансплантологиялық көмек:
-
10 мамандандырылған ұшу орындалды (Як-40, Pilatus PC-12, Bombardier CRJ-200).
-
Бүйрек, бауыр, жүрек, мөлдір қабық және өкпе тасымалданды.
-
Санитариялық автокөліктер арқылы да 9 568 шығу орындалды, 10 200 медициналық қызмет көрсетілді, 10 222 пациентке көмек берілді.
-
Ең көп жұмыс Түркістан және Алматы облыстарында тіркелген.
Медициналық авиация қашықтыққа, маршруттардың күрделілігіне және жағдайдың ауырлығына қарамастан пациенттерге жедел көмек көрсетуді жалғастырып, Қазақстандағы шұғыл медицинаның маңызды құралы болып отыр.
Бұған дейін Қазақстанда Жаңа жыл түнінде 254 нәресте дүниеге келгенін жазғанбыз.