2025 жылға қарай мемлекеттің экономикаға қатысу үлесі 14 пайызға дейін қысқарады
«Экономикаға мемлекеттің қатысуын қысқарту жөніндегі Президент тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында 2025 жылға дейін жекешелендірудің кешенді жоспары жүзеге асырылып жатыр. Нысандардың 50 пайызы, ал олардың кешенді жоспардағы саны 733, осы жылдың соңына дейін жекешелендіруге қойылады. 2022 жылы 30 пайызы, ал 2023 және 2024 жылдары 10 пайыздан жекешелендіріледі. Жекешелендірудің әрбір нысаны бойынша Мемлекеттік мүлік тізіліміге оларды сату жол картасы әзірленіп, енгізілді», - деді Әлихан Смайылов.
Оның атап өтуінше, қазірдің өзінде Мемлекеттік мүлік комитетінің электронды алаңындағы ашық сауда-саттық арқылы жекешелендіру толыққанды жүргізіліп жатыр.
«Толықтай алғанда, бұл іс-шаралар 2025 жылға қарай экономикадағы мемлекеттің қатысу үлесін 14 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді», - деді бірінші вице-премьер.