2026 жылдан бастап қырғыз дәрігерлерінің жалақысы көтеріледі

АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстанда медицина қызметкерлерінің жалақысын кезекті арттыру 2026 жылғы қаңтар айына жоспарланып отыр, деп жазады Кабар.

Түркістан облысында мереке қарсаңында 3 медициналық нысан ел игілігіне берілді
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Бұл туралы Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің төрағасы Нұрланбек Тургунбек уулу Жалал-Абад облысына жұмыс сапары барысында мәлімдеді.

Еске салайық, бүгін, 5 маусым күні, парламент спикері жұмыс сапарымен Жалал-Абад облысында жүр. Ол Ала-Бұқа ауылындағы апатты жағдайдағы медициналық нысандардың жай-күйімен танысу үшін Ала-Бұқа ауданында болды.

Сондай-ақ, Нұрланбек Тургунбек уулу медицина қызметінің сапасына талап қою үшін ең алдымен жалақыны 70–80 мың сомнан жоғары деңгейге жеткізу қажеттігін атап өтті.

— Салауатты ұлт — қуатты мемлекеттің негізі. Осыған байланысты денсаулық сақтау жүйесін дамыту — мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Медициналық қызмет сапасын арттыру үшін ең алдымен медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсартып, жалақысын көтеру қажет. Жалақы 70–80 мың сомнан жоғары болған жағдайда ғана қызметкерлерге кәсіби талап қою және саланы дамыту туралы айтуға болады, — деді ол.

Бұған дейін хабарланғандай, Қырғызстанда 2025 жылғы үлгідегі жаңартылған дизайны мен күшейтілген қорғаныс элементтері бар жаңа жалпыазаматтық төлқұжаттар мен жеке куәліктерді (ID-карта) айналымға енгізу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар